📚 Білімнің 🔟 артықшылығы ⠀ ☪️ Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Бір сағат білім алу – бір күн, бір түнгі құлшылықтан, бір күн білім алу, екі ай нәпіл ораза ұстағаннан артық» деген. ⠀ ⏳ Бірде хазреті Әлиге (Алла оған разы болсын) он шақты яһуди келіп: Білім артық па, әлде мал артық па? - деп сұрақ қойыпты. Сонда хазреті Әли: ⠀ 1️⃣ Біріншіден білім, артық. Өйткені білім – Пайғамбарлардан қалған мұра, ал мал – Перғауын мен Қарынбайдан қалған мұра. ⠀ 2️⃣ Екіншіден, білім сені сақтайды, ал малды өзің сақтайсың. ⠀ 3️⃣ Үшіншіден, білімнің досы көп, ал малдың дұшпаны көп. ⠀ 4️⃣ Төртіншіден, білімді жұмсасаң, арта береді, малды жұмсасаң, азая береді. ⠀ 5️⃣ Бесіншіден, білім саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атаққа қалдырады. ⠀ 6️⃣ Алтыншыдан, білім өзін-өзі сақтайды, ал малды бағып күту керек. ⠀ 7️⃣ Жетіншіден, білімнің қиямет күні шапағаты тиеді, ал мал иесіне есеп бергізеді. ⠀ 8️⃣ Сегізіншіден, білім тозбайды, жоғалмайды, ал мал өледі де жоғалады. ⠀ 9️⃣ Тоғызыншы, білім көңілді нұрландырады, ал мал масаттандырады. ⠀ 🔟 Оныншы, білім адамға ғибадат еткізеді, ал мал иесінің көңіліне тәкаппарлық салады,- деп жауап берген екен. ⠀ 🤲 Алла Тағала баршамызға пайдалы білім, адал ризық-несібе мен қабыл болатын амалдарды нәсіп етсін! ⠀ 📲 muftyat.kz - ҚМДБ #білімапталығы #muftyatkz

Теги других блогов: білім артықшылық әңгіме