ИМАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАРДЫҢ ТАРАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ 🌐 Соңғы кездері интернет пен әлеуметтік желілерде «өзін молдамын» деп таныстырып, мәлімдеме жасап, сонымен қатар ел арасында діни рәсімдер атқарып, ақысына ақша талап етіп жүрген азаматтар көбейді. 🇰🇿☪️ Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төмендегі жайттарды мәлімдейді: Мүфтият тарапынан ресми бұйрығы жоқ, мешітте қызмет етпейтін, алайда «молдалықпен» айналысып, қоғам арасында ҚМДБ жүйесіндегі имамдарға қатысты жағымсыз пікірдің таралуына себепкер болып жүрген жекелеген азаматтардың іс-әрекетін қатаң айыптаймыз. ☪️ Осы ретте халықты діни рәсімдерді (жаназа, құдайы ас, т.б.) атқару алдында мешітте ресми қызмет ететін имамдардың көмегіне жүгінуді сұраймыз. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін өзін «молдамын» деп сұхбат беретін немесе Құран оқығаны үшін халықтан ақша талап ететін азаматтарға қатысты ақпаратты тексермей, анық-қанығына көз жеткізбей тұрып жариялап жібермеуге шақырамыз. Жалпы жұртшылықты сәлде мен шапан киген кісінің бәрін имам деп қабылдап, ел арасына ҚМДБ-ның дін қызметкерлеріне қатысты негізсіз, орынсыз пікір қалыптастырмауға үндейміз. Мүфтияттың имамдар үшін бекіткен арнайы киім үлгісі бар екенін қаперлеріңізге саламыз. 🤲 Алла Тағала еліміз бен жерімізді түрлі бүліктен сақтап, берекесі мен жақсылығын жаудырғай. Әмин! 🇰🇿☪️ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 🔍 #muftyatkz

Теги других блогов: ҚМДБ ИМАМДАР МӘЛІМДЕМЕ